Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда адамды бөліктерге бөлген ЖКО-ға айыпты адам сот кезінде жылап жіберді

Алматыда ауыр ЖКО-ға айыпты азамат сот алдына келді. Ер адам өкінетіндігін айтса да, оқиғаның қалай болғандығын білмеймін дейді

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Алматы виновник ДТП, в котором человека разорвало на части, разрыдался на суде
Фото:
Zakon.kz

Іс Жетісу аудандық №2 сотта қаралуда. Айыпталушы Жанатбековты жол қозғалысы ережелерін қадағаламағандығы үшін, зардабынан абайсыздан адам өліміне әкелгендігі үшін айыптауда (ҚР ҚК 345 бап, 4 тармақ) – деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Тергеу барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындайтындығын және өкінетіндігін жеткізді.

Ол алматы қалалық арнайы кәсіби қорғау басқармасының инспекторы қызметінде жұмыс атқарған. Сол күні түнгі ауысымнан қайтып келе жатқан.

Оның айтуынша, ұйықтамаған әрі тісі де ауырған. Үйге қайтардың алдында Жанатбековқа бас кеңседе тәртіп бұзғандығы үшін (ұялы телефонды жұмыс уақытында пайдаланғандығы үшін) түсініктеме жазуға тура келді.

Өзінің BMW автокөлігімен Жангельдина көшесінде келе жатып ойланып кетеді де алдында солға бұрылмақ болған Daewoo Matiz автокөлігін көреді. Тоқтауға үлгере алмайтындығын түсінген ол, жолдың қарсы бағытына шығуға бел буады.

Өз көлігінің қалай адамдарды қағып кеткендігі айыпталушының есінде жоқ. Болған оқиғаның мән-жайын айтып отырып, айыпталушы жылап қоя берді. Тіпті біраз уақыт өз-өзіне келе алмады.

Қайтыс болған азаматтың жұбайының «Оның неге жылдамдықты арттырғандығы» жөнінде қойған сұрағына айыпталушы нақты ештеңе деп айта алмады. Оның айтуынша, автокөліктің жылдамдығы сағатына 80 км болған.

Сотқа қатысқан куәгер мен ЖКО зардап шеккен азаматтар - Daewoo Matiz көлігінің жүргізушісі Алексей Трегубов BMW-ның жылдамдығы куәгерлер мен жол полицейлерінің сөзінше сағатына 120-160 км болғандығын жеткізді.

Трегубовтың айтуынша, ол Жангельдина көшесімен жоғары қарай кетіп бара жатқан. Сидоркин көшесінің қиылысында ол көлігінің бұрылу белгісін қосқан. Артқы терезеге қарағанында, көлік болмағандықтан, бұрыла бастаған кезде жанына соққы алады.

Көліктің қандай жылдамдықпен қоғалғандығын зардап шеккен азаматтың өзі көрмеген, есесіне соққыдан ұшқан әйелді және оның киімінің жыртылып кеткендігін көрді. Өзі болса аяғына, омыртқасына және басына жарақат алған.

Daewoo-да болған Трегубовтың анасы BMW-да төрт ер адамның болғандығын айтты. Осы оқиғадан кейін олар тығылу үшін жақын маңда орналасқан бала-бақша ауласына, өздерімен көліктің нөмірлерін шешіп алып, қашып кетеді. Артынша нөмірлерді қайта орнына қойды.

ЖКО нәтижесінде екі зардап шегуші жарақаттанып сол жерде қаза тапты. Сондай-ақ BMW жолаушысы шағын жарақат алды.

Следующая →