Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды
Оралда балабақшаларында бірінде жан түршігерлік жағдай орын алды. Ата-аналар балабақша аумағында жыныстық мүшесін жалаңаштап алған еркекті байқап қалған
Оралда балабақша ауласында өзін өзі қанағаттандырумен айналысқан азғын ұсталды. Жыныс мүшесін жалаңаштап алған еркек бірнеше күннен бері бүлдіршіндерді маңайлап жүрген, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Азғынды алғашында ата-аналардың бірі байқап қалыпты. Жыныс мүшесін жұртқа көрсету арқылы ләззат алатын ауруды сол жерде полицияға ұстап берген. Қайта, бұл уақытта бүлдіршіндер іште болған екен. Енді ата-аналар №19 балабақша басшылығынан мекеме аумағына жөнді қоршау мен бақылау камераларын орнатуды және күзетті күшейтуді талап етуде. Ал эксгибиционистің өзі психикалық аурулар орталығында есепте тұр. Қазір қолхатпен бостандыққа жіберілді. Бірақ қауіпті науқастың еркіндікте жүруі жұрттың наразылығын туғызып отыр.
Ирина Локтева, Орал қаласының тұрғыны:
- Ешкімге жәбір көрсетпесе де, дені сау адам балалар ойнайтын жерде осындай ұятсыздықпен айналыса ма? Бөтен кісі балабақша аумағына кіре алмайтындай қылу керек. Біздің сөзімізге мекеме басшылығы мен тәртіп сақшылары құлақ асады деп үміттенем.