Шарда 14 жасар Айым Ұлтомбаеваның денесі табылды
2015 жылдың қыркүйек айында жолғалған қыздың мәйітін қала шетінде табылды
Фото:
atameken.info
Айым Ұлтомбаеваның туғандары оның мәйітін таныды. Тура 8 ай өткеннен кейін қыздың денесін кездейсоқ жүргінші байқап қалады.
- Айымды өлтіріп, денесін Шар қаласының аймағында көпім тастаған. Ер адам жер астынан шығып тұрған адамның қолын көріп полиция хабарласқан, - деді қыздың ағасы Ринат Мадыбаев.
Полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтап та қойды.
- Қыздың өліміне қатысы бар ер адам ұсталды. Қазір айғақтарды дәлелдеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Тәртіп сақшылары Айымның өліміне қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр. Тек қызды өлтірген адам облысымыздың тұрғыны екені белгілі.
Қаза болған қыздың туыстарына оның қалай өлгендігін де хабарламай отыр.
- Айымның денесі ұзақ уақыт бойы жер астында жатып қалғандықтан экспертиза қорытындысы 1 айдан кейін дайын болады, - деді Ринат.
Айым Ұлтомбаеваның жерлеу рәсімі 14 мамыр күні өтеді.