Қытайда жүзден аса жыл құстары уланды
Қытай полиция жыл құстарын улап, заңсыз сатқан күдіктідерді құрықтады. Құстардың басым көпшілігі сирек кездесін құстардың қатарынан болған, деп хабарлайды Синьхуа
«Сәуір айының басында Дуншэн қорығында 200 өлі жыл құстарының денелері табылды. Олардың басым көпшілігі сирек кездесетін құстар. Жуырда Қытай полициясы құстарды улап, заңсыз сатып жүрген үш адамды ұстады», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда 13 күдікті ұсталды. Ал тағы 7 күдікті қашып жүр. Полициялардың нұсқасы бойынша, олар жүгері, соя майы және инсектициді бар қоспаны қорық маңына шашқан.
Жергілікті билік улы қоспа шашылған аймақты тазартты. Қазір бұл аймақ полиция қызметімен бақылануда.