Нью-Йоркте қала тарихындағы ең ірі банда мүшелері тұтқындалды
Нью-Йорк полициясының хабарлауынша олардың қолына қала мен АҚШ-тың өзге аудандарында лаңкестік әрекеттер жасаған 120 адам түскен
![Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Нью-Йорке арестованы члены крупнейшей банды в истории города Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Нью-Йорке арестованы члены крупнейшей банды в истории города](/upload/iblock/ef9/ktc0jto6wxm376x68k6cm11r1qwe0puj/yunaya_kazakhstanka_zavoevala_zoloto_chempionata_mira_po_karate.jpg)
Фото:
inosmi.ru
- Бронкста ірі банда мүшелерін құрықтау операциясы сәтті өтті, - деп хабарлайды Нью-Йорк Полиция департаменті.
Нью-Йорктің оңтүстік өңіріндегі федералды прокуроры Прита Бхарардың сөзіне сүйенсек, оперция барысында қала тарихындағы ең ірі қылмыс бандасы қиратылды.
Полиция қызметкерлері кісі өлімі, тонау, банктік алаяқтық, есірткі саудасы, атыс қару-жарақтарын қолдану сияқты қылмыстық істерге қатысы бар бандалық топты сәрсенбі күні құрықтаған.