Өскеменде жерқойма азық-түліктерін ұрлаған адам ұсталды
Жерқоймадағы азық-түліктері жоғалып ұрының құрбандарына айналған Бурова, Мызы және Питерлік Коммунар көшелерінің тұрғындары болды
Фото:
izmailonline.com
Облыс орталығының 30 жасар тұрғыны бөтен жерқоймаларды аралауды әдетіне айналдырған көрінеді. Ішіндегі бар дүниені өзімен бірге алып кетеді. Әсіресе қолдан тұздалған қиярды, кортоп пен қайнатпаны сүйіп ұрлайды екен. Сөйтіп ол Питерлік Коммунар көшесіндегі жерқоймадан 30 банка түрлі жабдықтарды, Буровадағы жерқойма ішінен тұздалған азық-түліктерді, үш қап картоппен қатар бір шелек қызылша мен сәбізді қолды қылады. Дәл осылай Мызы көшесіндегі жерқоймаларды да тазартып шыққан.
- Қылмыскер күндіз ауладағы жерқоймаларды белгілеп алады, түнде сәйкес кілтті тауып құлыпты ашады да ішіндегі азық-түлік жабдықтарын ұрлайды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрыны тауып қолға түсірді.
Ұрланған азық-түлік жабдықтарының қалған бөлігі иелеріне қайтарылды. Бұрын ұрлық үшін сотталған облыс орталығының 30 жасар тұрғынының үш ұрлық жасағандығы анықталып дәлелденді. Оның осы сынды басқа оқиғаларға қатысы бар ма тексерілу үстінде.
Тақырыптар:
Кража в Усть-Каменогорске