Ақтөбелік педофил бес жасар баланы зорламақ болғаны үшін сотталды
Педофил бес жасар қызды зорламақ болғаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Бақыт Молдағаринді айыпкер деп таныды
Фото:
kursktv.ru
Өткен жылы 13 қырқүйек айында, қылмыс жасағаннан күннен ақ педофилді бірден темір торға отырғызған, - деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Дәлел жинау үшін тергеушілер көп еңбектенді. Қатты шошынған жәбірленуші қыз куәгер болудан бас тартқан. Болған жағдайға тергеу жүргізу жұмыстары бірнеше рет тоқталған. Бірақ жәбір көрген Гүлсезім қылмыскерді тура суреттеп, қандай үйге апарып зорламақ болғанын нақты айтып берген. Айтылған айғақтан кейін 36 жасар Молдағаринов бірден тұтқынға алынды. Ол өзінің айыбын сот отырысында да мойындаған жоқ.