Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдегі киім-кешек ұрысы құрықталды

Полиция қызметкерлері дүкен сөрелеріндегі киім-кешекті ұрлаумен айналысқан ұрыны ұстады

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Сотрудники криминальной полиции Семея задержали вора одежды
Фото:
sakhalife.ru
Семей қаласының орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жасар семейлікті ұстады. Ол сатушы ары қарай кетіп қалған кезде қолына тиген куртка, жейделерді алып қашып жүрген.

- Бүгінгі таңда ол ер адамның 8 дүкен мен базардағы дүңгіршектерден ұрлаған киімдері расталды, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінде.

Ұры дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, киім-кешекті өлшеп көреді де, сатушы айналып қалған сәттерде қаша жөнеліп отырған.

Осылай бір сауда үйіндегі бірнеше бутиктерден екі ер адамның және 1 әйелге арналған сырт киімді жымқырған. Кәсіпкерлер шығынды 80 мың теңгеге бағалап отыр, - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Ал тағы бір дүкенде бұл ұры бірден үш футболка ұрлаған. Оның мойнында ыдыс-аяқ ұрылығы да артылып отыр.

Қылмыскердің үйіне жүргізілген тіту барысында ұрланған заттардың басым көпшілігі табылды.

Күдікті ер адам бұған дейін де дәл осындай әрекеттері үшін сотталған екен. Тергеу амалдары жүргізілу барысында ол уақытша қамау изоляторына отырғызылды.
Следующая →