Зайсан тұрғыны заңсыз балық аулаған
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зайсандықтың автокөлігінен заңсыз ауланған 336 килограмм көксерке балығын тапты
Фото:
solusnews.com
Зайсан ауданы табиғатты қорғау полициясының өкілдері Саржыра ауылының тас жолында «Ваз 21014» автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан.
Следующая →
- Көліктің жүксалғышынан құжатсыз тасымалданған көп мөлшердегі балық табылды, - деп хабарлады ІІД ШҚО баспасөз қызметі.
Құқық бұзушының табиғатқа келтірген зияны 214 мың теңгеге бағаланып отыр. Зайсан ауданының 53 жасар тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.