Жаулап алынған EGYP AIR ұшағының ішінде бомба болуы мүмкін
Белгісіз біреулермен тұтқынға алынған EGYP AIR ұшағының бортында жарлығыш зат болуы мүмкін деп хабарлайды АП Кипрдың ресми тұлғаларына сілтеме жасап
Фото:
domsnov.ru
Бұған дейін Александриядан Каирға жол тартқан ұшақ Ларнакта (Кипр) тоқтағаны белгілі болды.
Батыс елінің БАҚ өкілдері А-320 ұшағының ішінде 82 жолаушы отырғанын хабарлады. Кипр уақыты бойынша сағат 8.30-да олар Ларнак әуежайымен байланысқа шығады. Ал сағат 8.50-де оларға қонуға рұқсат беріледі. Кипрда белгісіз тұтқындаушылармен келіссөз жүргізу үшін екі дағдарыс орталығы ашылды, деп жазады "Сайпрус мэйл".
Орталықтардың бірі террористік әрекеттің алдын алушы полицейлерден құрылса, екіншісі Ларнак әуежайы, деп жазады басылым. Сонымен қатар египеттік ұшақтың ішінде бір емес бірнеше жаулаушылар бар болуы мүмкін.
«Ұшақтың бортында бір емес, бірнеше жаулаушы болуы мүмкін», - деді агенттіктің әңгімелесушісі.
Әзірге жаулаушылар полиция ұшаққа жоламасын деген тек бір талап қойып отыр.