Брюссельдегі террорлық әрекеттен қаза тапқандар саны 35-ке өсті
22 наурызда Брюссельде болған лаңкестік шабуыл құрбандарының саны 35-ке дейін өсті, - деп дүйсенбі күні өз "Твиттер" парақшасында хабарлады Бельгияның денсаулық сақтау министрі Маги де Блок
Фото:
dw.com
Оның айтуы бойынша, 35 құрбанның ішінде үшеуінің кім екендігі әлі анықталған жоқ.
Бельгиялық БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, қайтыс болған 35 адамның арасына үш өлімші террорист есептелмеген.
Бұған дейін 22 наурызда Брюссельде әуежай мен метродағы жарылыстар нәтижесінде 28 адам қаза тауып, шамамен 20 ұлттың 340 адамы жарақат алды деп хабарланған болатын.