Бүгін қазақстандық құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға елдің оңтүстігінде орын алды, нәтижесінде үш мың балапандар жанып кетті, өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД көмектесті
Түркістан облысы Төле би ауданы Ақбастау ауылындағы "Шымкент құс" ЖШС құс фабрикасының аумағында сенбі күні таңертең 190 шаршы метр алаңда өрт шықты, деп хабарлайды Республика ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт туралы хабарлама 07:00-де келіп түсті.
- Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде құс қораларының бірінде төсеніш жанған (бетон еденіндегі сабан). Өрт сөндірушілер отты сағат 08:05-те 190 шаршы метр алаңда сөндірді, - делінген хабарламада.
- Өрт салдарынан үш мың балапандар мерт болды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.