Газ жарылып, бала көз жұмды
Қаскелеңде тұрғын үйде газ жарылып, он жастағы бала мерт болды
Қаскелеңдегі көпқабатты үйде газ жарылып, 2009-шы жылы туған бала қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға түс кезінде көпқабатты үйдің бесінші қабатында орын алды.
- Газ жарылысы болды, өрт шыққан жоқ. Жеті адам жарақат алды. Жарылыс салдарынан бөлмелер арасындағы қабырғаларға зақым келді. Алматы облысының әкімі Амандық Батталов зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар уақытша басқа үйлерге көшіріліп, баспанасының қалпына келтірілуіне көмек жасалады, - деп атап өтті баспасөз қызметінен.Денсаулық сақтау басқармасы жарылыс салдарынан жеті адам жараланып, 2009 жылы туған бір баланың қаза тапқанын хабарлады. Жарақат алғандардың жағдайы жіті бақылауға алынды.