Қазақстанда жеке ұшақ апатқа ұшырады
Қарағандыдағы жеке әуе кемесінің құлауы салдарынан инструктор-ұшқыш пен пилот қаза тапты
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті шағын авиация ұшағының апатқа ұшырауы кезінде мерт болғандардың есімдерін атады, деп жазды 24.kz сайты.
Азаматтық авиация комитеті хабарлауынша, ұшақ апаты кезінде инструктор Артемов пен жеке ұшақтың ұшқышы Әукешов мерт болған.
Айта кетейік, бүгін сағат 16:25-тер кезінде Қарағандыда жеңіл авиацияның FK14 Polaris маркалы ұшағы жаттығу жасап жүріп, қонатын кезде апатқа ұшырады.