Қызылордада әскерилер отырған тікұшақ апатқа ұшырады
Тікұшақтағы әскерилердің барлығы қаза тапты
Қызылорда облысындағы апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортындағы 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Следующая →
- Жауынгерлік міндетін атқару барысында ҚР Қарулы күштерінің тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан Республикасының бүкіл Қарулы Күштері қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алады, - делінген министрліктің сайтында.Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Тақырыптар:
Крушение вертолета Крушение вертолета в Кызылординской области Министерство обороны РК Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев