ШҚО-да оқыс жол-көлік оқиғасы орын алды
Өскемен-Риддер тас жолының 97 км-де жол апаты орын алып, екі шетелдік маркалы автокөлік түгелдей жанып кеткен, зардап шеккендер бар
Фото:
autokadabra.ru
Куәгерлердің айтуынша, «Субару» автокөлігінің жүргізушісі өрден түсіп келе жатып, бұрылыста көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы беттегі жолға шығып, «Шкода» көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде екі жеңіл көлік те аударылып, өртке оранды.
Следующая →
- Жол-көлік оқиғасы 21 наурыз күні Бутаков ауылынан бес километр жерде орын алды. 1992 жылы туылған «Субару» көлігінің жүргізушісі ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды. Ал оның қасындағы жол серігі ішкі ағзалары мен аяғынан зақым алып ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Екінші көліктің тізгініндегі азамат та дереу емханаға жеткізілді. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тақырыптар:
ДТП в ВКО