Семейде автобус жаяу жүргішіні басып кетті
Семейде қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Автобус жаяу жүргінші жолағымен өтіп келе жатқан 50 жасар ер адамды басып кетті. Ер адам екі дөңгелектің ортасында қысылып қалды
Фото:
sheksnainfo.ru
Семейде қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан апталдай азаматты басып өлтірді. Ер адам қытайлық шағын автобустың астында жаншылып қалған, деп хабарлайды КТК сайты.
Оқыс оқиға қас қарая Шығыс кентінде болды. Мұнда қатынайтын шағын автобустың жүргізушісі, дер кезінде тежегішті басып үлгермесе керек. Дөңгелек ортасында қысылып қалған 50 жастағы жаяу жүргіншінің денесін құтқарушылардың өзі әрең алып шықты. Бір сағат бойы әуре сарсаңға түскен мамандар шағын автобусты дамкратпен көтерулеріне тура келген. Болжам бойынша жылдамдықты асырды деген жүргізуші тергеліп жатыр.