Үржарда жол апаты салдарынан әйел көлік ішінде қалып қойды
Көлік жүргізушісі көлікті дұрыс басқара адмай ЖҚС колонкасымен соқтығысты - көлік құралының алдыңғы бөлігі қатты майысып қалды
Жақында екі шығысқазақстандық Үржарға бара жатып жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Mitsubishi Galant жүргізушісі көлікті басқара алмай жанармай құю станциясының бағанына соғылды, машина қатты майысып, әйел одан шыға алмай қалды. Зардап шеккендерге көмекке құтқарушылар келді.
17-ӨСБ қызметкерлері құрал-сайманның көмегімен автомобильдің бөлшектерін шешіп, әйелді абайлап шығарды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Қазір зардап шеккендермен жедел жәрдем дәрігерлерінің бақылауында.