Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен әйелге бірнеше күрделі ота жасады

49 жасар Ақсуат ауылының тұрғыны өткен жылдың желтоқсан айында көлік  қағып, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген

Происшествия в Казахстане и мире / ДТП / Врачи спасли женщину после ДТП в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің дәрігерлерінің айтуынша, пациенттің сүйектерінің сау-тамтығы қалмаған. 

Соққының салдарынан ол политравмалық жарақаттар алған - арқа, мойын, омыртқа, иық, жамбас сүйектері сынған, - деп бөлісті ШҚО ауруханасы ортопедия бөлімі меңгерушісі Думан Бакербеков. 

Науқасқа кезең-кезеңмен бірнеше ота жасалды. Бір аптаға созылған дайындықтан кейін ең алдымен иық сүйегіне отсеосинтез жасалып, сүйек ішіне бекітуші штифт орнатылды. Бұл өз кезегінде, пациенттің ерте оңалуына ықпал етті. Кйінгі кезекте аса күрделі ота - жамбас сүйектеріне жасалды. 

Әдетте, жамбас сүйектерін консервативті түрде емдейтінбіз, бірақ бұл жағдайда ота   қажет болды. Біз жамбас сүйегінің ішкі ұңғылына ашық отсеосинтез отасы арқылы реконструктивті пластинаны орнаттық. Өте ауқымды ота болды, себебі майдаланып қалған сүйек сынықтарына ешбір тамырға зақым келтірмей жетіп, репозиция жасауымыз қажет болды. Бірнеше сағатқа созылған ота сәтті өтті, кейін компьютерлік томография сүйектердің жиналғандығын көрсетті, - дейді Думан Бакербеков өз сөзінде. 

Осындай жоғары технологиялы көмектің арқасында қазір науқас тез оңалып келе жатыр, жуырда ауруханадан шығатынын айтты дәрігерлер. Алдағы уақытта Оңалту орталығында қажетті ем-шара  қабылдайтын болады. 

Бір айдан астам уақыт аурухана қабырғасында болған пациентке барлық қызмет МӘМС аясында жүргізілгендігін атап өту керек.


Следующая →