ШҚО-да қатты жол апаты болды
Жол апаты бүгін таңертең сағат 9-да Өскемен-Семей автожолының 65 шақырымында болды
Полицейлердің ақпараты бойынша, Mercedes Benz жүргізушісі рульді басқара алмай, көлікті кюветке аударып жіберген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
15 қараша күні сағат 08.10 шамасында 36 жастағы Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі Өскемен-Семей автожолымен 65 км жүріп өтіп, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай және жол төсемінің жағдайын ескермей, рульді басқара алмай, автокөлікті кюветке аударып жіберуге жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 66 жастағы автокөлік жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы (46 жастағы әйел мен 23 жастағы жігіт) медициналық мекемеге жатқызылды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы 3 - бөлігі бойынша "көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп толықтырды басқармада.
Сондай-ақ, полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын, бірқатар сот сараптамалары тағайындалғанын, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.