ШҚО-да жеңіл көлік жүргізушісі баланы қағып кетті
21 жастағы автоәуесқой басқаруды игере алмады және кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды
28 қазан күні кешке Озерки ауылы — Восход кенті бағыты бойынша қала маңындағы автожолда көлік құралының жүргізушісі жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан тоғыз жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті, бала оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы үш бөлігі бойынша "көлік құралдарын басқаратын адамдарға абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті қаза тапқан баланың жақындарына қайғырып көңіл айтады және көлік құралдарының барлық жүргізушілеріне автожолдарда абай болуды және жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды ұсынады.