ШҚО-да малдың кесірінен жол апаты болды
Өскемен – Самар тас жолының 58-ші шақырымында жеңіл көлік құлынды қағып кетіп, жол апаты орын алды
Фото:
Уланский РОП
Полицияның хабарлауынша, мал иесінің құлынды қараусыз қалдырғанының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Көлік иесі материалдық шығынға ұшырады, оны төлдің иесі өтеуге міндетті. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408 бабы бойынша жануар иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Ұлан аудандық полиция бөлімі.