Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Кирилл Наумов
Ақпарат көзі:
Устинка

Клиенттің көлігін айдап кеткен қызметкер жол апатына ұшырады

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 тамыздан бастап автокөлік ұрлығы мен оны айдап әкету қылмыстарын ашуға бағытталған "Автомобиль" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, шара басталғаннан бері криминалдық полиция қызметкерлері осындай 8 қылмысты ашты.

- Мұндай қылмыстардың негізгі себептері көлік иелері көліктерінің кілттерін бейтаныс адамдарға беру, есіктерді жаппай немесе салонда кілтті ұмытып кетуден орын алып жатады. Қаскөйлер әдетте адамдар жоқ жерлерде қылмыстық ойларын іске асырады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Мысалы, Алтай қаласының тұрғыны көлігін жөндеуге беріп, алайда "шебер" оны жөндеудің орнына теуіп кетіп, соңында жол апатына түскен. Әдетте, мұндай қылмыстар "ізін суытпай" ашылады, алайда көп жағдайда қаскөйлер залалды өтеуден жалтарып жатады.

Облыста орын алған тағы бір жағдай бірнеше мәрте соттылығы бар 28 жастағы өскемендік, ол көрші ауданда екі "ВАЗ" автокөлігін ұрлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, күдікті танысына кентке келіп, түнгі уақытта үйлердің аулада тұрған көліктерге мініп, қалаға жол тартқан.

Құрметті автокөлік құралдарының иелері, көліктеріңізді ашық қалдырмауға, көлік жуу орындары мен шеберханаларда бейтаныс адамдарға көлік кілтін бермеу қажеттігін ескертеміз. Көлік құралын күзетілетін немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған автотұрақтар қоюға кеңес береміз.

Следующая →