Семейде жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды
Оқиға аялдаманың жанындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде болған
Оқыс оқиға бір күн бұрын сағат 14.30 шамасында Селевин көшесінде болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Семей қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Автокөлікті басқаратын адамның жол ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Следующая →
- Бұл оқиға кеше болды. 65 жастағы жүргізуші Honda Odyssey маркалы көлікпен Селевин көшесімен келе жатқан. Ал әйел адам бағдаршамы жоқ жаяу жүргінші жолымен өтіп келе жатқан. Жол апатынан кейін жаяу жүргінші жедел медициналық жәрдем келгенше көз жұмды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.Жол-көлік оқиғасының суреттері әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 61 жастағы тұрғын (әйел) оқиға орнында көз жұмды.
Семей қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "Автокөлікті басқаратын адамның жол ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.