Катонқарағайда жол апатынан 24 жастағы жолаушы қайтыс болды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде шамамен сағат 20.00-де 43 жастағы автокөлік жүргізушісі Катонқарағай ауданының "Өскемен-Рахман қайнарлары" жолымен жылдамдық нормасын арттырып келе жатып, бұрылыста рульді басқара алмай жол жиегіне шығып кетіп кюветке аударылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттарынан 24 жастағы көлік жолаушысы Катонқарағай ауданының ауруханасында қайтыс болған.
Следующая →
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттарынан 24 жастағы көлік жолаушысы Катонқарағай ауданының ауруханасында қайтыс болған.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізідуде, бір қатар сот сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.