Қаланың қақ ортасында Тойотаның "төрт дөңгелегі аспаннан келді"
Жол-көлік апаты 26-қазан күні Карбышева көшесінде орын алды
ШҚО ПД ақпартына сәйкес, Опел көлігінің 36 жасар жүргізушісі солға бұрыламын деп өзге көліктердің қозғалысына мән бермей Тойота Кариб автомобиліне соғылды.
Соққының қатты болғаны соншалық жапон маркалы көлік адамдар жүретін жолға дейін ұшып кетіп, төңкеріліп қалды. Тойота қожайыны медициналық жедел жәрдемге жүгінбек түгіл, ешқандай көмекті де қажет қылған жоқ. Ал бірақ машинасын жөндеу үшін әжептәуір қаражат кетері сөзсіз.
Следующая →

- Апатқа кінәлі Опел көлігінің иесіне ҚР ҚК 1-бабы 610-тармағы бойынша хаттама толтырылды, - деді басқарманың баспасөз қызметінде.