ШҚО-да көлік құралдарының аударылуы салдарынан 25 адам қаза тапты
Жыл басынан бері өңір аумағында көлік апаты салдарынан 25 азамат қаза тауып, 127 адам ауыр жарақат алған
Мәселен, 11 қазан күні сағат 15.00 шамасында Маралды – Күршім тас жолында Toyota Hilux Surf маркалы автокөліктің 60 жастағы жүргізушісі Күршім ауылы жағына қарай қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, көлікті басқара алмай, көліктің аударылып қалуына жол берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары азаматтардан көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жылдамдық режимін сақтауды, рөл дөңгелегін күрт тежеуге және бұруға жол бермеуді сұрайды. Жол төсемінің жай-күйі мен ауа райы жағдайларын әрдайым ескеру қажет.
Следующая →
- Toyota Hilux Surf маркалы автокөлігінің жүргізушісі өмірмен үйлеспейтін дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. - ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.