Семейде автобус шетелдік көлікке соғылды
Жол-көлік оқиғасы кеше, 17 қазанда, сағат 10.00-де Глинка көшесінде орын алды
ШҚО ПД ақпараты бойынша, Daewoo маркалы автобустың 55 жастағы жүргізушісі Глинка – Карменова көшелерінің реттелмейтін қиылысында бұрылған кезде BMW-ға жол бермеген және оған соғылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қуанышқа орай апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, көлік құралдары зақымдалды. Автобус жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, материалдық залал келтірген жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК (55560 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Следующая →