Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақмола облысында екі полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қазанда Щучинск қаласындағы Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы "Мебелин" дүкенінің жанында жол апаты болған

Lexus NX20 көлігінің жүргізушісі Бурабай аудандық полиция бөліміне тиесілі Lada-21214 қызметтік көлігіне соқтығысқан.

Апат салдарынан Lada-21214 қызметтік көлігінің жүргізушісі мен жанындағы жолаушы - Бурабай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары оқиға орнында қайтыс болған. Қаза тапқан полиция қызметкерлері қызметтік міндетін орындап, жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.

Жол апатына кінәлі азамат - 25 жастағы Щучинск тұрғыны бұрын Қылмыстық кодекстің 200, 346-баптары бойынша бірнеше рет сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқару адамдарымен көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, күдіктіге қатысты "Қамауда ұстау" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
Следующая →