Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
479.4
+2.25
522.93
+0.50
¥
67.05
+0.11
5.61
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті

5, 10, 11 және 12 жастағы балалар Mitsubishi Chelenger оларды қаққан кезде жолдың жанында ойнап отырған болатын, апат салдарына бір қыз қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы 5 қыркүйек күні сағат 18.50-де Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі ауылында орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Mitsubishi Chelenger-дің 31 жастағы жүргізушісі алкогольдік мас күйінде, бұрылу кезінде рөлді басқара алмай, жол бойында ойнап отырған төрт баланы қаққан, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде дене жарақаты салдарынан қайтыс болды. Қалған балалар жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, қазір ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында.

- Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп толықтырды ШҚО ПД. - Мұндай қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығына тыйым салу көзделген.

Следующая →