Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысты
Соқтығыстың кесірінен Ауди 80 көлігінің жолаушысы жеңіл жарақат алып, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі материалдық шығынға ұшырады
Өткен дүйсенбіде, 24 тамызда, шамамен 18.00 шамасында Ауди 80 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Усть-Таловка - Шемонаиха тас жолымен келе жатып, Половинка ауылындағы бұрылыста алдынан шыққан көлікке соғылған.
ШҚО полиция басқармасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы қашықтықты сақтамау салдарынан болған. Нәтижесінде Toyota Camry көлігі қатты күйреп, Audi 80 көлігінің 51 жастағы жолаушысы жарақат алды.
Следующая →
ШҚО полиция басқармасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы қашықтықты сақтамау салдарынан болған. Нәтижесінде Toyota Camry көлігі қатты күйреп, Audi 80 көлігінің 51 жастағы жолаушысы жарақат алды.
- Audi 80 көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-тармағы "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы нәтижесінде жәбірленушіге жеңіл жарақат әкелуі" бойынша әкімшілік хаттама жасалды, - деп толықтырды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.