ШҚО-да апат салдарынан бес жастағы қыз бала зардап шекті
Кеше түскі уақытта Риддерде бала отырған көлікке Subaru Forester келіп соғылған
16 таыз күні сағат 14.00 шамасында төртінші шағын аудан жақтан Subaru Forester көлігі Совхоз ауданына қарай келе жатқан.
ШҚО ПД мәлімдегендей, жүргізуші алдындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша қарсы жолақта келе жатқан Mitsubishi Delica-ға соғылған. Соққыда көлік ұшып кетіп, бірнеше рет аударылған. Көліктің алды қатты майысып кеткен.
Мекеме ұсынған мәліметтер бойынша, Mitsubishi-де отырған бес жастағы қыз бала мен Subar-дің жүргізушісі жарақат алған. Дәрігердің тексеруінен кейін оларға амбулаторлық ем тағайындалған.
Subaru көлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚК 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Енді оны 20 АЕК (55560 теңге) көлемінде айыппұл немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы күтеді.

Следующая →