ШҚО-да жол апаты: үшеуі көз жұмды, төртеуі ауруханада
Өткен аптаның басында, 4 тамыз күні Зайсан - Боран - Күршім автожолында қайғылы жол апаты орын алды
ШҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, Toyota Carina-ның 24 жастағы жүргізушісі Зайсан қаласына тас жолмен келе жатып, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-21093-ке соқтығысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Апат салдарынан 30 жастағы ресейлік жеңіл көлік жүргізушісі мен жапондық көліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі әйел мен екі бала ауруханаға көптеген дене жарақаттарымен жеткізілді.
ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Жанболат Қалетаев қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, бірқатар сот сараптамалары тағайындалғанын хабарлады. Toyota Carina жүргізушісіне 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығына тыйым салу қауіпі төніп тұр.
Следующая →

- ЖКО-ның негізгі себептері: көлік құралдарын жүргізу мәдениетінің төмендігі, жылдамдық режимінің артуы, жаяу жүргіншілер өткелінен өту, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау ережелерін бұзу және жол қиылыстарынан өту кезектілігі, - деп атап өтті полиция полковнигі. - Апаттарға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әрбір азамат жол қозғалысы ережелерін сақтауы қажет.