ШҚО-да тас жолда көлік аударылып қалды
Toyota Cresta маркалы автокөліктің тізгініндегі мас ер адам көлік тізгініне ие бола алмаған
Жол апаты 28 маусымда сағат 22.55-те Усть-Таловка трассасының жетінші шақырымында орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 38 жастағы жүргізуші Toyota Cresta тізгінін басқара алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген.
Следующая →
- Медициналық куәландыру ер адамның мас күйінде болғанын көрсетті, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушіге қатысты 608-бабының 1-бөлігінде әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылуы мүмкін.