Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО полициясы адам өлімі орын алған апат орнынан кетіп қалған жүргізушіні іздейді

Жол-көлік оқиғасына куә болғандардан тез арада Семей қаласындағы полиция басқармасына келуді сұрайды

11 мауысм күні сағат 01.45-те Семей қаласында белгісіз жүргізші “Океан” базары жақтан Әуезов бойымен Селевин көшесіне бетке алып келе жатқан жолында басқарылмайтын жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп келе жатқан екі адамды қағып кеткен. 

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 51 жастағы әйел адам алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында жантәсілім еткен.

Ал 1979 жылғы ер адам дәрігер көмегіне жүгінген, амбулаторлық ем тағайындалды.

Ал бір емес, екі адамды қағып кеткен жүргізуші оқиға орынан ізін суытқан. Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтау үшін барлық қажетті шаралардықабылдап жатыр. Бейнекамера жазбалары қаралып, куәгерлер іздестірілуде.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 
 ⠀ 
Куәгерлерден Семей қаласындағы Полиция басқармасына немесе 102, 8 (7222) 69-30-19 нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды.

Следующая →