Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Жамбыл облысында көлік қағып кеткен ана мен бала қайтыс болды

Әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілген нәресте де көп ұзамай қайтыс болды

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен көлік қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

BMW мінген 28 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып кеткен.

Әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілген нәресте де көп ұзамай қайтыс болды.

Оқиға орнын тексерген мамандар жолдың құрғақ болғанын, көлікте ешқандай ақау шықпағанын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкоголь ішпеген, қан құрамынан есірткі табылмаған.

Ұсталған азаматтың айтуынша, апатқа әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Жол үстінде ашуға булыққан жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырғанын мойындап отыр. Алдында келе жатқан көлікті айналып өтуге әрекеттенген ол тізгінге ие бола алмай, жолындағы жүргіншіні қағып кеткен. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Өзі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.



Следующая →