Алматы – Өскемен тас жолында көктайғақтан кептеліс орын алды
Жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы кеше, 8 желтоқсан күні кешкі 17.00 шамасында орын алды
Volvo ірі габаритті көліктің тізгінінде 45 жастағы ер адам болған екен.
Ол Алматы – Өскемен тас жолында келе жатып тізгінге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, фургоны қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан жолда кептеліс орнады. Бірақ зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкердері жүргізушіге жолға топырақ төгуге көмектесіп жіберген. Осылайша көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасалды.
- Қазір тас жолда әлі де көктайғақ, - деп атап өтті ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Патрульдік полиция жасақтар жүргізушілерге қиын жағдайға тап болған көлік көрсе, көмектесу керектігін ескертіп жатыр.