ШҚО тас жолында екі адам қаза болды
22 қараша күні Омбы – Майқапшағай тас жолында, Көкпекті ауылына жақын маңда адам өліміне соқтырған апат орын алды
ШҚО Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Lada Granta автокөлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.
Жеңіл көлік ішінде жүргізушіден өзге төрт жолаушы болған. ЖКО салдарынан бір әйел көз жұмды. Қалған үшеуі, оның ішінде 59 жастағы жүргізуші бар, аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші ауруханада көз жұмды.
Следующая →