Семейдегі жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді көлік қағып кетті
Оқыс оқиға бүгін таңғы 7.30-да қаланың сол жағалау ауданындағы Титов көшесінде орын алды
ШҚО Полиция департаменті ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 73 жастағы зейнеткер жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп келе жатқан.
59 жастағы Mazda көлігін тізгіндеген жүргізуші Титов көшесінен Базтаев көшесіне қарай бет алған. Сол уақытта реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан азаматшаны қағып кеткен. Зейнеткер алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Следующая →