Өскемендегі Сафонов көшесінде екі көлік соқтығысты
"Лада Калина" көлігінің иесі екінші дәрежелі автомобиль жолынан басты жолға шыға беріп "Маздаға" жол бермеген, соның салдарынан көліктер соқтығысты
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, "Лада Калина" көлігінің 48 жастағы жүргізушісіне қатысты 610-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Енді айыпты көлік иесі 25 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек (63 125 теңге).
Куәгерлер апатты видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге салып жіберген. Оның астына жазылған пікірлерге қарап, жүргізушілердің бірі жолдағы шұңқырды айналып өтпек болып, абайсызда апатқа ұшырағаны байқалады.