Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыдағы жантүршігерлік апат екі адамның өмірін қиды

Жол-көлік оқиғасында тағы жеті адам зардап шекті. Құтқарушылар жарақаттанған жолаушыларды шығарып алу үшін көлікті кесуге мәжбүр болды

17 қазанда түнде Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында (Бөгенбай батыр мен Төле би аралығында) жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі солтүстік бағытта қарама-қарсы жолмен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осы кезде Бөгенбай көшесімен батыс бағытта Audi маркалы автомобиль кетіп бара жатқан. BMW бар жылдамдығымен Audi көлігіне соқтығысады. Соққы салдарынан Audi жарнама бағанасына және ағашқа соқтығысады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан. 

Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер де келді, себебі BMW көлігінің бензин багы тесілген. Құтқарушылар көліктерді бөлшектеп, адамдарды құтқарды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам (Audi жолаушылары) оқиға орнында қаза тапты. Тағы жеті адам зардап шекті - Audi жүргізушісі мен жолаушысы және BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі мас болған.

Следующая →