Өскеменде зейнеткерді көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең орын алған. 76 жастағы зейнеткер жолдан өтіп бара жатқан сәтте көлік қағып кеткен
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Славский атындағы жағалау бойымен Өзен вокзалына қарай келе жатқан көлікті 35 жастағы азамат тізгіндеген.
- Осы фактіге байланысты Lada Priora көлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, қарияны жедел жәрдем алып кеткен. Ал полиция қызметкерлері зейнеткердің есінен танбағанын ғана айтты.