Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ауыр жол апаты Глубокое ауданында болған
Секисовка ауылының маңындағы тас жолда Volkswagen көлігі мен автобус соғылып қалды. Оқиға, шамамен, түске таяу болған.
Жеңіл көліктің алдыңғы жағы қатты майысып қалды. Жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
- Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды ШҚО ПБ.
Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс жасап жатыр.