Жамбыл облысында болған жол апатынан 11 адам көз жұмды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы автобус апатына байланысты үкіметке шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырды
Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 километрінде болды. Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Следующая →
- Қордай трассасында ірі жол-көлік апаты болды. 11 адам көз жұмды. Жарақат алғандар көп. Өзбекстан азаматтары. Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне телеграмма жолдадым. Біздің жолдарымыздағы жағдай қауіпті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің отырысында айтқан болатынмын. Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырамын, - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.