Бельгияда 19 велоспортшы бұрылмақ болған көлікке барып соғылып, жарақат алды
Валлония-Брюссель Велоспорт федерациясы Бельгия чемпионатын ұйымдастырып жатқан
Ал 19 қатысушы автокөлікке соғылып, түрлі жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты.
- Бұл оқиға әдейі ұйымдастырылмақ, түсініспеушіліктің кесірінен орын алды, - дейді жол көлік оқиғасы орын алған қаланың бургомистрі.
Үш баласымен көлікке отырған әйел жүргізуші жолда келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте 80 шақырым жылдамдықпен төмен жүйіткіп келе жатқан велосипедшілер жолға бұрылғалы жатқан көлікке келіп бірінен соң бірі соғылған. Үш спортшының аяғы сынған, төрт спортшының басына зақым келген.
Зардап шеккен спортшыларды аурухана жеткізу үшін тоғыз жедел жәрдем көлігі қажет болған.