Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қайғылы оқиға 10 ақпан күні болған
Канск-Тасеево-Устье тас жолында болған оқиғадан бес ересек, үш бала қайтыс болды, деп хабарлайды Росбалт.
Алдын ала деректерге қарағанда, Honda минивэн көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып КамАЗ жүк көлігіне келіп соғылған. Хонда көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары – екі ер азамат, екі әйел және 17 жастағы қыз бен екі бала қаза тапты.
Полицейлер минивэн жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған деген болжам жасап отыр. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталатын болады.