Өскеменде оқушыны көлік қағып кетті
16 жастағы жасөспірім жаяу жүргінші жолағынан өте бергенде көлік қағып кетті
Жол көлік оқиғасы Питер Коммунарлары көшесінде орын алды.
Mazda автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні байқамай, қағып кеткен. ЖКО нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім Қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
- Зардап шегушінің оң аяғындағы үлкен сан жілігі жабық түрде сынған, - деп хабарлайды медициналық мекеме қызметкерлері. - Оған гипс салынып, амбулаториялық ем алуға жіберілді.
ШҚО ІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 57 жастағы құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 600 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кету керек, аталған жол бойындағы жарықтың төмендігіне байланысты жиі ЖКО орын алып тұрады. Питер Коммунарлары мен Новатор көшесінің тұрғындары бұл туралы билікке талай шағым айтқан болатын.
Следующая →