Марсельде көлік автобус аялдамасына соғылды
Францияның Марсель қаласында дүйсенбі күні көлік екі бірдей автобус аялдамасына соғылған. Бір адам қаза болды
Мәліметтерге сүйенсек, көлік жүргізушісі алдымен бір аялдамаға соғылғанда бір адам қаза болған. Кейін қаскөй екінші аялдаманы соққан. Онда тұрған тағы бір адам ауыр жарақат алған. Көлік жүргізушісі екінші соққыдан кейін тұтқындалды.
Орын алған оқиғаны террорлық шабуылға жатқызуға болатын-болмайтыны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары Марсельдің ескі портының маңынан алыс жүруге шақырады.
Естеріңізге сала кетсек, 17 тамызда Барселонада болған террорлық акт нәтижесінде 14 адам қаза болып, 100-і жараланған еді.
Следующая →