Семейде жүргізуші велосипед айдаған оқушыны қағып кетті
Белгілі болғандай, жас велосипедші жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан, алайда жүргізуші тоқтап үлгермеген.
Оқиға кеше сағат 17.00 шамаларында Әуезов даңғылында орын алған.
Семей ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, тоғызыншы сынып оқитын қыз баланы 32 жасар ВАЗ-2114 автокөлігінің иесі байқамай қағып кеткен. Велосипедші айтарлықтай жарақат алған жоқ.
- Тізесі мен жауырыны аздап жарақат алған екен. Балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексеріп, амбулаториялық ем қабылдауға жолдама берді. Жүргізушіге жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік протокол толтырылды, - дейді Семей ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушы барлық қала тұрғындарынан жолға абай болуын өтінеді.
Следующая →

Тақырыптар:
ДТП в ВКО