Алматыда автобус 8 көлікті зақымдады
Ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін бес адам дәрігердің көмегіне жүгінді, зардап шеккендердің нақты саны анықталуда
«Казинформ» ХАА хабарлағандай, өткен жексенбі күні автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегінде тұрған сегіз көлікті қағып кеткен.
- Қақтығыс нәтижесінде, алдын ала мәліметтер бойынша, бес адам дәрігер көмегіне жүгінген. Зардап шеккендердің нақты саны мен оларға қойылған диагноз анықталуда. ЖКО себептерін анықтау үшін қазіргі таңда тәртіп сақшылары тиісті шараларды жүргізуде. Қажетті сараптамалар да жүргізіледі, - дейді Алматы қаласы ІІД бөлім башысы Рустам Абдрахманов.
Следующая →